Қызмет ардагері – мамандыққа адалдықтың үлгісі

    ksek·
    Қызмет ардагері – мамандыққа адалдықтың үлгісі

    Медицина қызметкері күні қарсаңында кәсіби қызметі Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің дамуымен тығыз байланысты маман туралы баяндаймыз. Осы маңызды салаға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Абзалқызы 35 жылдан астам еңбек жолын арнады.

    Еңбек жолын ол 1988 жылы Талдықорған облысы Андреев ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог дәрігер ретінде бастады. Қызмет еткен жылдары маманнан басшыға дейінгі жолдан өтіп, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нығаюы мен дамуына елеулі үлес қосты.

    Роза Абзалқызының жоғары кәсібилігі мен көпжылдық адал еңбегі бірқатар марапаттармен атап өтілді. Олардың қатарында «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, «Халық алғысы» және «Ерен еңбегі үшін» медальдары бар.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.