
Конституциялық Соттың аумағында заманауи Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді. Орталыққа келушілерге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған.
Біріншіден, бұл қолайлы жағдайда Конституциялық Сотқа өтініш беру тәртібі мен рәсімдері туралы жан-жақты кеңес алатын құқықтық ақпарат орталығы.
Орталық орындықтармен, киім-кешек бөлмесімен, кондиционер жүйесімен және танымдық ақпарат таратылатын экранмен жабдықталған күту аймағынан тұрады.
Тікелей қабылдау үшін үш бөлме қарастырылған, онда Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері азаматқа конституциялық бақылау органына өтініш берудің шарттары мен тәсілдерін түсіндіреді.
Орталықта алдын ала жазылу бойынша азаматтарды Конституциялық Сот Аппаратының басшылығы қабылдайды.
Азаматтарды қабылдау орталығы – кәсіби құқықтық қолдау көрсететін орын.



