Астанада «Астана – есірткісіз қала!» атты жаппай жүгіру жарысы өтті

    mvd-astana·
    Астанада «Астана – есірткісіз қала!» атты жаппай жүгіру жарысы өтті

    Елордадағы Ататүрік саябағында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын және 2026–2028 жылдарға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Астана – есірткісіз қала!» ұранымен жаппай жүгіру жарысы өтті.
    Іс-шараның мақсаты – қала жастарын салауатты өмір салтын ұстануға тарту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған бастамаларды қолдау. Мұндай акциялар спортты кеңінен насихаттауға, сондай-ақ қоғамда денсаулық пен қауіпсіздік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
    Жарысқа елорданың спортшылары мен белсенді жастарынан құралған 300-ге жуық қатысушы қатысып, салауатты өмір салты қағидаттарын және есірткі қатеріне төзбеушілік идеясын қолдайтындарын білдірді.
    Іс-шараны ұйымдастырушы – Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.