
2026 жылғы 10 маусымда «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске:
- мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Ж.Батыров және Е.Г.Найзабеков;
- Батыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасының мүшесі А.С.Сарсенова;
- облыстың салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен жауапты қызметкерлері;
- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Семинар-кеңес барысында Батыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасының мүшесі А.С.Сарсенова еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторлары семинар тақырыбы бойынша сөз сөйлеп, еңбек қатынастарына қатысты практикалық мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік беріліп, барлық қойылған сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.



