«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы

    «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

    Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды:

    • «Үздік цифрлы контент» – әлеуметтік желілерде жарияланған сапалы аудиовизуалды өнімдер;
    • «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер» – мемлекеттік тілді меңгерудің заманауи тәсілдерін таныстыруға, жеке тәжірибемен бөлісуге және қазақ тілін кәсіби ортада қолдануды насихаттауға бағытталған жобалар.

    Әділ қазылар алқасының шешімімен Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының мүшесі Родионова Юлия Сергеевна І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

    Сонымен қатар іс-шара аясында мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша ресми интернет-ресурстардағы қазақ тіліндегі сапалы контентті дамытуға және цифрлық кеңістіктегі тіл мәдениетін арттыруға үлес қосқан мекемелер үздік деп танылды.

    🏆 Бас жүлде – Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты;

    🥇 І орын – Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты;

    🥈 ІІ орын – Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

    🥉 ІІІ орын – Петропавл қаласы әкімінің аппараты.

    Іс-шара соңында жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.