БРУЦЕЛЛЕЗ: ауру белгілері және алдын алу шаралары

    kostanai-zhitikarin-yrsai·
    БРУЦЕЛЛЕЗ: ауру белгілері және алдын алу шаралары

    Бруцеллез - жануарлардан адамға берілетін ауыр жұқпалы ауру. Ауру ұзақ ағыммен, жүйке және жүрек-тамыр жүйелері, сүйек-буын аппараттарының зақымдалуымен сипатталады. Аурудың дамуының инкубациялық кезеңі бір аптадан бірнеше айға дейін.

    Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдасына жатады. Адам үшін инфекция көзі ауру жануарлар - сиыр, ешкі, қой, түйе, шошқа. Инфекциялық қоздырғыштың берілуіне адам қатыспайды және эпидемиологиялық қауіп төндірмейді.

    Адам ауру жануарлармен тікелей байланыста болған кезде және олардың секрецияларымен ластанған заттар арқылы, ауру жануардан алынған өнімдерді (сүт, ет, ет-сүт өнімдері) тұтынған кезде бруцеллезбен ауырады.

    Адам бруцеллезінің белгілері әртүрлі: әлсіздік пен ұйқысыздықтан бұлшықет пен буын ауруы мен психикалық бұзылуларға дейін. Ауру ағымы әртүрлі дәрежеде болады: ауру созылмалы түрге ауысып, одан кейін мүгедектікке әкелуі мүмкін.

    Бруцеллезбен ауырмау үшін келесі алдын алу шараларын сақтау қажет:

    - тек мұқият термиялық өңделген сүтті (зарарсыздандыру, ұзақ пастерлеу немесе қайнату) тұтыну, сапалы және қауіпсіз ет өнімдерін, өңделген ірімшіктер мен оның түрлерін пайдалану. Етті кем дегенде екі сағат пісіру. Кішкентай балалардың тамақтануында өңдеуден өтпейтін өнімдерді мүмкіндігінше (қаймақ, май) алып тастау;

    - жеке тұлғалардан, стихиялы рұқсат етілмеген базарлардан ет-сүт өнімдерін сатып алмау;

    - зауытта өндірілмеген ет және ет өнімдерін (тартылған ет, шұжық, жартылай фабрикаттар), сүт және сүт өнімдерін сатып алмау,

    - үй жануарларына күтім жасау кезінде жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау: жұмыстан бұрын және кейін қолды жуу, жұмыс орнында темекі шекпеу және тамақ ішпеу, арнайы киімді (халат, қолғап, резеңке етік, алжапқыш, орамал) кию;

    - жануардың инфекциясын болдырмау үшін барлық малды бруцеллезге қарсы уақтылы вакцинациялау.

    Егерхал-жағдайыңызнашарласа, диагнозды нақтылау үшін дәрігермен кеңесу керек. Емдеудің нәтижесі сізге байланысты!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.