Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

    Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

    Бүгін, 2026 жылғы 10 маусымда, онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:

    1. Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 320 «Қостанай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
    2. Мәслихаттың 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 49 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    3. Мәслихаттың 2025 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    4. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 131 «Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    Депутаттар мәслихат шешімдеріне барлық ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдады, олар аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала қаралып, талқыланды.

    Жалпы отырыстың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.