КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

    turkestan-keles·
    КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
    Келес ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім – елдігімнің бейнесі» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.
    Ту тұғыр алаңында өткен салтанатты жиынға аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.
    Іс-шара Мемлекеттік Тудың көтерілу рәсімімен басталып, қатысушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Мерекелік жиында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейліктің басты нышаны екенін атап өтті.
    «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айқындайтын қасиетті құндылықтар. Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің символы. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді өзінің азаматтық парызы деп білуі тиіс. Рәміздерімізді қастерлеу арқылы біз Отанға деген сүйіспеншілігімізді, елге деген адалдығымызды көрсетеміз», – деді аудан басшысы.
    Мерекелік жиында сондай-ақ Келес ауданы прокурорының міндетін уақытша қоса атқарушы Ернар Саржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы маңызына тоқталды.
    Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Көпшілікке «Көк тудың желбірегені», «Туған жер», «Атамекен» әндері тарту етіліп, «Әдемі» би тобының орындауындағы «Шашу» биі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
    Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді. Бұл мереке қазақстандықтардың отансүйгіштік рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға бағытталған.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.