
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы бойынша Ұлттық превентивтік тетік (ҰПТ) қатысушылары және «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының өкілі қатысқан жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында азаптаудың және қатыгез қарым-қатынастың өзге де түрлерінің алдын алу, адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыру, сондай-ақ ҰПТ қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар жабық мекемелерге мониторинг жүргізу, қоғамнан оқшауланған адамдардың құқықтарын қорғау және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің, мемлекеттік органдардың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес пен Азаматтық альянс өкілдері қатысты.
Кездесу аясында Ұлттық превентивтік тетіктің қызметі туралы ақпараттық материалдар таратылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар азаптаудың алдын алу және адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.



