«Мүгедектігі бар адамдарға арналған техникалық құралдардың қайтарымды моделі»

    enbek-karagandy·

    Қайырлы күн құрметті тұрғындар!

    Қазақстандамүгедектігі бар адамдарға арналған техникалық құралдарды беру тәртібі өзгереді.

    Биыл жаңа жоба Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында қосылады. Қазір мүгедектер арбасысияқты құралдар тегін беріледі.

    Бірақоларды жөндеу жүргізілмейді,ал ауыстыру тек белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалады.

    Ал Жаңа жоба бойынша кейбір техникалық құралдар уақытша тегінпайдалануға беріледі.Атап айтқанда қайта пайдалануғажарамды, санитарлық тазалауғажататын құралдар мүгедектер арбалары, жүріп-тұруға арналған басқа да құралдар ғана жобаға қатысады.

    Жеке гигиеналық құралдар мүлдем қатыспайды.

    Бұл жобаның іске қосылу себебі, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруі, мысалы мүгедек арбасы қажет болмауы немесе одан бөлек құралға ауысуы мүмкін, сондай кезде арбамемлекетке қайтарылып, жөндеуден өтіп басқа адамның қажетіне жарайды.

    Арнайы мамандар құралдардың жағдайын тексеріп отырады.Егер құрал жарамсыз болса, ол жаңасына ауыстырады.Ал жөндеуге болатын құралдар жөнделіп, қайта пайдалануға беріледі.

    Егер құрал жарамсыз деп танылса,пайдалану мерзімі өтпесе де жаңасы беріледі.

    Жалпы Пилоттық жобаға 40 тан асатын түрлі техникалық құрал түріенгізілген.

    Бұл өзгерістер техникалық құралдарды уақытында алуға жәнеоларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

    https://www.instagram.com/reel/DZMi80HIZ4T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.