Отбасын қолдау орталығының директоры Ш. Б. Аманжолова "Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты" КММ жалпы мектептік ата-аналар жиналысында "баланың болашағы отбасында басталады"тақырыбында сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында баланың тәрбиесі мен дамуындағы отбасының рөлі, жауапты ата-ананы қалыптастыру және мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы мәселелері қозғалды.
"Отбасын қолдау орталығы" КММ директоры тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету мәселелері бойынша халықпен түсіндірме әңгіме өткізді. Кездесу барысында отбасыларды қолдау шаралары, көмекке уақтылы жүгіну тәсілдері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері қаралды. Қатысушыларға орталықтың қызметі және көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат берілді.



