«Артық білім – кітапта...» байқауы өз мәресіне жетті

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Артық білім кітапта...» финалдық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

    «ASSYLTAS» қоғамдық қорының бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен «Артық білім кітапта…» жобасы Ақсуат ауданында «Алтын бесік — Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында ұйымдастырылды.

    Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

    Бас жүлде – автокөлік иегері атанған Абай ауданының «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Бес асыл» командасы.

    Байқаудың ең ерекше сәттерінің бірі – бас жүлде иегеріне автокөліктің табысталуы болды. Бұл сыйлықты Ақсуат өңірінің тумасы, кәсіпкер әрі меценат Қайырлы Қасенов арнайы демеушілік жасап ұсынды. Оның жастардың білімге ұмтылысын қолдауға бағытталған бұл бастамасы қатысушылар мен көрермендердің зор ықыласына ие болды.

    I орын – Ақсуат ауданының «Кәбеков мектебі» КММ «Assyl bolmys» командасы.

    II орын – Бесқарағай ауданының «Өндіріс орта мектебі» КММ «Кітап Time» командасы.

    III орын – Аягөз ауданының «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ «Бес тұлға – Бір мақсат» командасы.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтай отырып, білім мен руханият жолындағы ізденістеріне табыс, шығармашылық бастамаларына сәттілік тілейміз.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.