Конституциялық Сот: жазаның бір бөлігін іс жүзінде өтеу шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың сөзсіз негізі болып табылмайды

    Конституциялық Сот: жазаның бір бөлігін іс жүзінде өтеу шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың сөзсіз негізі болып табылмайды

    Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

    Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша Жоғарғы Соттың «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысының 9-тармағы бірінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексерді.

    Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында сотталған адамның жаза мерзімінің бір бөлігін нақтылы өтеуі шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды (ШтМбБ) қолдануға немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне (ЖЖтА) ауыстыруға сөзсіз негіз бола алмайды деп көзделген.

    Өтініштің мән-жайы

    Азаматтың пікірінше, ШтМбБ және ЖЖтА мәселелерін қарау туралы берген өтініштерін соттардың қанағаттандырудан бас тартуы ШтМбБ және ЖЖтА мәселелерін қараған кезде шамадан тыс кеңейтілген және әртүрлі түсіндіруге жол беріп, судьяға тым кең дискрециялық өкілеттіктер береді.

    Конституциялық Соттың ұстанымы

    Конституциялық Сот тексеру нәтижелері бойынша азамат дау айтып отырған нормативтік түсіндіруді Жоғарғы Сот өзіне берілген өкілеттік шегінде берген және ол Конституцияға сәйкес келеді, сот практикасында біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған деген қорытындыға келді.

    Конституциялық Соттың қорытындылары

    Конституциялық Сот өзiнiң қорытынды шешiмiнде заңнамалық реттеудi талап ететiн, сотталған адамның түзелгеніне құқықтық баға берумен, ШтМбБ және ЖЖтА мәселелерін қараған кезде жәбiрленушiнiң пiкiрiн ескерумен, сондай-ақ залал мөлшерiн айқындаумен байланысты проблемалар бар деп көрсетіп өтті.

    Конституциялық бақылау органы атап өткендей, қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасында сотталған адамның түзелгенін анықтаудың нормативтік бекітілген нақты өлшемшарттарының болмауы мұндай адамның мінез-құлқына баға берілген кезде формальды тәсілдің басым болуына және соның салдарынан ШтМбБ және ЖЖтА мәселелерін шешкен кезде судьялардың өз қалауы бойынша кеңінен қолдануына себепші болады.

    Осыған байланысты Үкіметке – қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесін қарау, ал Жоғарғы Сотқа қосымша нормативтік-құқықтық түсіндіру беру ұсынылды.

    КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023861?lang=kk

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.