Абай облысының інжу-маржаны – Алакөл жағалауы мен туристік аймақта кең көлемді «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және тұрақты даму қағидаттарын қоғам өміріне кеңінен енгізу. Семинар барысында қатысушылар табиғи ресурстарды тиімді басқару, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды азайту және тұрақты тұтыну дағдыларын қалыптастыру бағытында теориялық білім алып, тәжірибелік тапсырмалар орындады.

    Семинар спикерлері – эко-жобалар жетекшісі, тұрақты даму бойынша сарапшы Асыл Оқапова және Alikhan Bokeikhan University Қолданбалы биология кафедрасының аға оқытушысы Арай Ануарбекова. Сарапшылар табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы, экологиялық сауаттылықты арттыру жолдары және әрбір азаматтың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.