Жезқазған қалалық мәслихатының кезекті XLІІІ сессиясы өтті

    Жезқазған қалалық мәслихатының кезекті XLІІІ сессиясы өтті

    2026 жылдың 8 маусымында Жезқазған қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының отырысы және кезекті XLІІІ (43) сессиясы өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

    Комиссиялар отырысы мен сессияны қалалық мәслихат төрағасы Р.О.Қапарова жүргізді.

    Сессия жұмысына қала әкімі Қ.А.Шайжанов, әкім орынбасарлары, ауыл әкімдері, Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Қ.Ибикенов, мемлекеттік мекемелердің басшылары, депутаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:
    -Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы;

    - Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы;

    -2026-2028 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы;

    - Қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

    -Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

    Отырыс барысында Жезқазған қаласының әкімі Қ. А. Шайжанов пен Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Қ. Ибикенов 2025 жылғы бюджет қаражатының игерілуі мен атқарылуы жөнінде есеп берді.

    Сондай-ақ Жезқазған қалалық мәслихатының экономикалық даму және бюджет мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Т.Ш.Ибадатованың баяндамасы тыңдалды.

    Сонымен қатар,2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі бойынша «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Өмірзақованың баяндамасы қаралып, тиісті шешім қабылданды.

    Сессия барысында тұрғын үй комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қатысты өзгерістер енгізу мәселелері де талқыланып,депутаттар тарапынан қолдау тапты.

    Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып,тиісті шешімдер қабылданды.Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.