
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Воскресеновка ауылдық мәдениет үйінде ауылдық кітапханамен бірлесіп және Петропавл қаласынан келген аниматорлардың қатысуымен «Балалық шақ мәңгі жасасын!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуанышты атмосфера қалыптастыру.
Мерекелік бағдарламаны Петропавл қаласындағы Погодин атындағы драма театрының аниматорлары ашты. Мерекенің демеушісі «Сұңғат» шаруа қожалығының басшысы В.Х. Сюникаев болды.
Балаларды мерекемен мультфильм кейіпкерлері құттықтады. Іс-шара барысында балалармен түрлі ойындар, байқаулар, флешмоб ұйымдастырылып, жаңбырлы дискотека өткізілді, сондай-ақ сабын көпіршіктерімен ойындар ойнатылды. Балалар қол шапалақтап, қуанышпен айқайлап, секіріп, би билеп, ән айтып, көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсерге бөленді.
Балалық шақ – өмірдің ең бақытты әрі алаңсыз кезеңі.
Балалық шақ әрдайым мейірімге, қамқорлыққа, достық пен күлкіге толы болсын!
Жыл сайын әрбір балаға жеке кәсіпкерлер Е.П. және А.В. Зябликовтар, Ю. Маскальцова, Ю. Зябликова және Л. Синяковская тарапынан балмұздақ таратылады.
Балаларға арналған осы мерекені ұйымдастыруға атсалысқан барша жанға шынайы алғысымызды білдіреміз!



