Жуалыға 2026 жылы 7,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылады

    zhambyl-moyynkum·
    Жуалыға 2026 жылы 7,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылады

    Жуалы ауданында биыл жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

    Жобалардың ішінде ауыл шаруашылығы саласында құны 2,5 млрд теңге болатын 2 жоба, өнеркәсіп саласында 2 млрд теңгелік 2 жоба және туризм бағытында 3,2 млрд теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылмақ.

    Аталған инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және аудан бюджетінің кірісін көбейтуге мүмкіндік береді.

    Мамандардың айтуынша, инвестициялық белсенділіктің артуы аудан экономикасының тұрақты дамуына оң әсер етуде. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 3 млрд теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім көрсеткен.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.