Мұнайлыда жалғызбасты қарияға қолдау көрсетілді

    mvd-mangystau·
    Мұнайлыда жалғызбасты қарияға қолдау көрсетілді

    Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, «Жас сақшы» жасағының мүшелері және Қызылтөбе ауылының имамы бірлесіп қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

    Іс-шара аясында ұйымдастырушылар жалғыз басты қарияның шаңырағына арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды табыстады. Сонымен қатар, әженің хал-жағдайын сұрап, жылы лебіздерін білдіріп, рухани қолдау көрсетті.

    Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – үлкендерді құрметтеу, қоғамда мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттау, жастарды ізгілікке тәрбиелеу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету.

    Мұндай игі бастамалар қоғамдағы өзара жанашырлық пен бірлікті нығайтып, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге ықпал етеді.

    Көрсетілген қамқорлық пен ықыласқа ризашылығын білдірген қария ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ақ батасын берді.

    https://www.instagram.com/reel/DZU0CvFqk3r/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.