
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары Теміртау қаласына қызықты саяхатқа барып қайтты. Сапар барысында олар ботаникалық бақ пен демалып, серуендеуге арналған көрікті орындардың бірі – «Восток» саябағында болды.
Саяхат қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жағымды әсерлерге бөледі және достық атмосферада уақыт өткізуге мүмкіндік берді. Осындай сапарлар бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, жаңа орындармен танысуға және жақсы көңіл-күймен қуаттануға көмектеседі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы/ Центр активного долголетия (@cad.saran)



