Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы тағайындалды

    emer-atyrau·
    Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы тағайындалды

    2026 жылғы 8 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жанабаев Нұрлан Мақсұтұлы Департаменттің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Құспанғалиев Айбек Нұрбекұлын тағайындады.

    Құспанғалиев Айбек Нұрбекұлы 1993 жылғы 4 ақпанда Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2014 жылы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атырау қалалық өрт сөндіру жасағының №2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымынан бастаған.

    Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.