Ақсу ауданы әкімдігінің "Қаракөз ауылдық округі әкімінің аппараты "мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

    Ақсу ауданы әкімдігінің "Қаракөз ауылдық округі әкімінің аппараты "мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

    Ақсу ауданы әкімдігінің «Қаракөз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылы, Жамбыл көшесі, №23 үй мекен-жай.

    Ақсу ауданы әкімдігінің «Қаракөз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

    Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру мәселесi бойынша қызметтi алушылардан шағымдар түскен жоқ.

    Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Ішкi бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылық жоқ, қызмет алушылардан соңғы 3 жылда шағым түскен жоқ.

    Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері және өткізілетін құжаттар тізімі:

    1. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сату»

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат;
    3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
    Порталға салынатын құжаттар:
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
    2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

    1. « Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 12 жұмыс күні.

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
    1) нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат;

    Порталға салынатын құжаттар:

    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.

    1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 13 жұмыс күні.

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
    2) Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаскіге бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

    1. 4 . «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 кезең 28 жұмыс күні, 2 кезең 18 жұмыс күні.

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    Бірінші кезең:
    1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
    Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

    1. « Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

    Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:

    Бірінші кезең:

    1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;

    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар);

    Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

    Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

    Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
    Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

    Бірінші кезең:
    1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).
    Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

    1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге:

    1) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

    2) Сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);

    3) Жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі;

    Порталға:

    1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

    2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);

    3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.

    Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызмет "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығын сәйкес электронды түрде жүргізіледі.

    Қызмет алушылармен жұмыс:

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Қаракөз ауылдық округі әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері бар.

    Сондай-ақ, округ әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендте орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тоқсан сайын iс-шаралар, түсiндiру жұмыстары, кездесулер, сұхбаттар өткізіледі.

    Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарланып отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртіптерін насихаттау жөнінде жыл басынан брошуралар таратылды.

    Округ әкімдігінде азаматтарға арналған электрондық қызмет көрсету бұрышы қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, мерзімі және т.б. мәліметтер орналастырылған. Электрондық қызмет көрсету бұрышында халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей бір қатар анықтамалар мен мемлекеттік қызмет түрлерін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы цифрлық қол таңбалары бар, әрбір ауыл тұрғындары алуға болады. Электрондық қызмет көрсету бұрышында жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің электронды цифрлық қолтаңбаларын ашуға қолайлы жағдай жасалған.

    Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарына «Egov» бұрышы арқылы жыл басынан 285 тұрғын әр деңгейдегі анықтамалармен қызметтер көрсетілді. Қосымша электрондық қызмет түрлерін алуға жүгінген азаматтарға қажетті кеңес беретін маман бекітіліп, үйрету, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

    -мерзімі бұзылса

    -артық құжаттар талап етілсе

    -негізсіз бас тартылса

    -бюрократия мен сөзбұйда пайда болса

    -нәтижелермен келіспесе, қызмет алушының құқықтары мен бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің телефон номері мен QR код арқылы жүгіну туралы нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде ілініп тұр.

    Қызмет алушылардың сұраныстарын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру мақсатында ҚР-ның заңнамаларын сақтау мәселесі ұйымдастырылды. Округ әкімі аппараты жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы қызмет көрсетуін жалғастырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.