
Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы!
Ново-Хайрузовка ауылдық клубында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы» атты дөңгелек үстел форматындағы кездесу өтті.
Шараны клубтың мәдениет ұйымдастырушысы Жанна Серполовна Сохор мен ауылдық кітапхананың кітапханашысы Светлана Владимировна Козуб бірлесіп ұйымдастырды.
Шараға «Девчата» тобының мүшелері (60+ жастағы аналар) мен округ әкімі аппаратының өкілдері қатысты.
Кездесу бағдарламасында: ✨ Мемлекеттік рәміздер бойынша зияткерлік викторина және «Верю — не верю» (Сенесіз бе, сенбейсіз бе) ойыны өткізілді.
✨ Мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, Қазақстанның бұрын қандай болғаны және қазір қандай деңгейге жеткені туралы жылы жүздесу әңгіме өрбіді.
Светлана Владимировнаның жетекшілігімен өткен шығармашылық бөлімде қатысушылар командаларға бөлініп, әдемі паннолар жасады.
Кездесу өте тамаша әрі жылы жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!



