«Мемлекеттік қызмет келбеті» фотожобасы

    kostanai-zhitikarin-audany-akimat·
    «Мемлекеттік қызмет келбеті» фотожобасы

    Павленко Людмила Анатольевна

    Людмила Анатольевна «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет етеді.

    Жітіқара политехникалық колледжін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаған. Колледжді тәмамдағаннан кейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-де жастар практикасынан өтті, оны аяқтағаннан кейін осы бөлімде ақпараттық технологиялармен жұмыс жөніндегі әдіскер болып жұмысын жалғастырды. Оны әрдайым жаңа технологиялармен жұмыс, әртүрлі жүйелердің өзара әрекеттесуі және оларды іс жүзінде, атап айтқанда мемлекеттік органдарда қолдану қызықтыратын. Сондықтан өз күшін сынап көруді шешіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысты.

    2024 жылғы 7 тамыздан бастап Людмила Анатольевна осы лауазымда қызмет етеді, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді араласады, 2025 жылы «Мен мемлекеттік қызметті таңдаймын» үздік рилс байқауына қатысты.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.