
2026 жылы Қазақстанда кәмелетке толмағандардың интернет арқылы салмақ азайтуға арналған препараттарды және құрамында денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін компоненттері бар басқа да құралдарды өз бетінше сатып алуы салдарынан ауыр улану жағдайлары тіркелді. Медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша, мұндай препараттарды бақылаусыз қолдану денсаулыққа ауыр зардаптар әкелген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасын растайтын құжаттары жоқ немесе белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар қолданыстағы қағидаларға сәйкес дәрілік заттар балаларға босатылмайды.
Алайда, ашық интернет көздерінде, жекелеген маркетплейстер мен онлайн сауда алаңдарында шығу тегі мен қауіпсіздігі күмән тудыратын дәрілік заттарды сату туралы ұсыныстар анықталуда.
Халыққа арналған ұсынымдар
Өз денсаулығыңызды және балаларыңыздың денсаулығын қорғау үшін:
- дәрілік заттарды тек лицензияланған дәріханалардан және ресми интернет-дәріханалардан сатып алыңыз;
- сатып алмас бұрын препараттың мемлекеттік тіркеуден өткенін тексеріңіз;
- күмәнді сайттардан, әлеуметтік желілерден және ресми емес сауда алаңдарынан дәрілік заттарға тапсырыс бермеңіз;
- дәрігердің кеңесінсіз салмақ азайтуға арналған препараттарды және басқа дәрілік заттарды қолданбаңыз;
- кәмелетке толмағандардың дәрілік заттарды өз бетінше сатып алуына және қолдануына жол бермеңіз;
- нұсқаулықтың, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі таңбалаудың болмауына, сондай-ақ өнім бағасының күмәнді түрде арзан болуына назар аударыңыз;
- егер екінші реттік қаптамада (қорапта) QR-код болса, оны DariKZ және Naqty Ónim мобильді қосымшалары арқылы тексеріңіз.
Тіркелмеген, айналымына тыйым салынған немесе күмән тудыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату фактілері анықталған жағдайда, бұл туралы интернет-платформалар әкімшілігіне, сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне дереу хабарлау ұсыну сұралады.
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63;
- E-өтініш арқылы;
- Онлайн байланыс арқылы (тел.: 8 (727) 273-48-51).
Уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету дәрілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесуге және азаматтардың денсаулығын қорғауға ықпал етеді.



