Қол күресінен Азия чемпионаты

    zhetysu-aksu-qapal·
    Қол күресінен Азия чемпионаты

    ҚАЙЫРЛЫ КҮН, ҚҰРМЕТТІ ҚАПАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

    Біз зор мақтанышпен жас спортшыларымыздың халықаралық аренадағы жетістіктерімен бөлісуді жалғастырамыз!

    2026 жылдың 5-14 маусым күндері аралығында Қырғызстан Республикасының көрікті Ыстық-Көл демалыс аймағында қол күресінен Азия чемпионаты өтуде.

    Осы дүбірлі додада «Qapal ARMWRESTLING CLUB» спорт клубының спортшысы Қуанған Ернат ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

    Жастар арасында (65 кг):
    Оң қол бойынша – ІІ орын
    Сол қол бойынша – ІІІ орын

    Ересектер арасында (60 кг):
    Оң қол бойынша – ІІ орын
    Сол қол бойынша – ІІІ орын

    Бұл жетістіктер – спортшының қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының нәтижесі.

    Қуанған Ернатты және оның бапкерлерін жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің көк туын халықаралық ареналарда асқақтата беруіне тілектеспіз!

    Жаттықтырушылары:
    ▪️ Досаев Ришат
    ▪️ Чепель Владимир Сергеевич

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.