Мәслихат төрағасы бастаған өңір делегациясы Алтай қаласына келді

    maslihat-abay·
    Мәслихат төрағасы бастаған өңір делегациясы Алтай қаласына келді

    Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков бастаған өңір делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай қаласына келді.

    Жүзден астам адамнан құралған делегация құрамында аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, білім, кәсіпкерлік және туризм саласының өкілдері бар.

    «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық өңірлік ынтымақтастық конференциясы қарсаңында делегация мүшелері Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзяннің төрағалығымен өткен кездесуге қатысты.

    Басқосуда өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, туризм және көлік-логистика салаларындағы әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.

    Кездесуге Қазақстанның шекаралас өңірлерінің өкілдерімен қатар Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан келген делегациялар қатысты. Қытай Қазақстан және шекаралас өңірлермен өзара байланысты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

    Абай облысы Қытаймен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға ерекше мән беріп келеді. Қазіргі таңда қытайлық серіктестердің қатысуымен өндіріс, логистика, агроөнеркәсіп және жаңартылатын энергия көздері бағытында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгін өңір делегациясы «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық өңірлік ынтымақтастық конференциясының жұмысына қатысады.

    АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.