
Архивтер күні құтты болсын!
Бүгінде архивтер қағаз құжаттарды сақтайтын орын ғана емес, заманауи цифрлық экожүйеге айналды. Цифрландыру басқармасы ғасырлар бойы жинақталған тарих пен миллиондаған маңызды деректерді электрондық форматқа көшіру бағытында күн сайын жүйелі жұмыс атқаруда. Бұл олардың ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік қызметтерді әрбір азамат үшін қолжетімді етеді.
Автоматтандыру және цифрландыру үдерістерінің арқасында архивтік анықтамаларды іздеу, құжаттарды қалпына келтіру және түрлі растауларды алу бұрынғыдай апталар емес, санаулы минуттардың ішінде жүзеге асады. Біз артық бюрократиялық кедергілерді азайтып, азаматтардың уақытын үнемдейтін ашық, сенімді әрі тиімді жүйені қалыптастырып келеміз.
Әріптестерімізді және тарихымызды жаңа цифрлық дәуірде сақтауға үлес қосып жүрген барша мамандарды Халықаралық архивтер күнімен құттықтаймыз!



