
2026 жылғы 9 маусымда аудандық мәслихат төрағасы А. Рамазановтың төрағалығымен Индер аудандық мәслихатының кезекті LII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С. Нсанбаев, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н. Бисембиев, аудандық мәслихат депутаттары,аудан әкімінің орынбасары А.Мурзин, кент және ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында алдын ала қаралып, жан-жақты талқыланды.
Сессия барысында 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Қонасованың баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н. Бисембиев 2025 жылғы Индер аудандық бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті ұсынды.
Аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, қаржы, жергілікті салықтар мен алымдар, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ә. Қарашина 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы қорытынды баяндамасын жасады.
Сонымен қатар, Индербор кенті мен ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөнінде кент және ауылдық округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г.Қабиева «Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №62-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Индер ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.



