
Байзақ ауданындағы №3 Байзақ колледжінде «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жоспардан тыс кездесу өтті. Кездесуге колледж студенттері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Жиында Байзақ аудандық полиция бөлімінің ЮПТ инспекторы А.Танабаев сөз сөйлеп, қазіргі таңда жастар арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары мен жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, интернет қауіпсіздігі және заң талаптарын сақтау мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласының маманынан нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен жиын жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.



