ЕГІНСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ РУХАНИ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

    ЕГІНСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ РУХАНИ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

    Егінсу ауылдық округінде жерлес ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Қуат Қайранбаевтың туған жерге арналған өлең жолдары жазылған көрнекі тақтаның ашылу салтанаты өтті.

    Іс-шараның басты мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу, жас ұрпаққа рухани құндылықтарды насихаттау және жергілікті ақындардың шығармашылығын кеңінен таныту.

    Салтанатты шараға ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қонақтар қатысып, ақын шығармашылығы мен туған өлкенің тарихы туралы жылы лебіздерін білдірді.

    Туған жерге деген құрмет пен елге деген сүйіспеншілікті жырлаған ақынның жүрекжарды өлең жолдары Егінсу ауылының келбетін айшықтап, тұрғындарға рухани серпін беретіні сөзсіз.

    #Егінсу #ТуғанЖер #РуханиЖаңғыру #ҚуатҚайранбаев #АуылӨмірі #АшылуСалтанаты #ЕгінсуАуылдықОкругі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.