Биыл Ақтөбеде автобус паркі 141 жаңа автобуспен толықтырылады

    aktobe-akt·
    Биыл Ақтөбеде автобус паркі 141 жаңа автобуспен толықтырылады

    Ақтөбе қаласында 46 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын 6 компания қамтамасыз етеді. Күн сайын желіге 355 автобус шығады. Соңғы үш жылда 242 автобус сатып алынып, автопаркті жаңарту деңгейі 85 пайызға жетті. 2026 жылы тағы 141 автобус сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 93 жаңа автобус сатып алынып, бағыттарға шығарылды. Оның ішінде 45 электробус бар. Бұл – өңірде электрлі қоғамдық көлікті енгізудің алғашқы тәжірибесі. Жыл соңына дейін тағы 48 автобус жеткізіледі деп күтілуде.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.