Атырауда республикалық тактикалық көпсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды

    mvd-atyrau·
    Атырауда республикалық тактикалық көпсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды
    Атырау облысы полиция департаментінің алаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ауыспалы Кубогына арналған полиция мен Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөліністері арасындағы IV республикалық тактикалық көпсайыс турнирінің жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
    Салтанатты шараға қатысқан Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев жарысқа қатысқан барлық командаларды құттықтап, арнайы мақсаттағы бөліністердің жоғары кәсіби дайындығы мен жауынгерлік шеберлігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол турнирдің қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік бергенін жеткізді.
    Төрт күнге созылған республикалық турнирдің қорытындысы бойынша І орынды Алматы қаласының командасы иеленсе, ІІ орын ІІМ-нің «С» қызметіне бұйырды. Ал ІІІ орынды Қарағанды облысының командасы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ауыспалы Кубогымен және арнайы марапаттармен наградталды.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.