
Берлік ауылдық округі аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының айналасында өртке қарсы жырту жұмыстары жүргізілді.
Арнайы техникамен минералдандырылған қорғаныс жолағы жасалып, өрттің таралу қаупін төмендету шаралары қабылданды. Аталған жұмыстар қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өрт қауіпті кезеңде алдын алу шаралары тұрақты түрде жалғастырылатын болады. Ауыл тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.



