Белград, 2026жылғы9маусым – Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Ұлттық Скупщинасындағы (Парламент) парламентаралық достық тобының жетекшісі Борислав Антониевичпен және парламент депутаты Александр Чотричпен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси және парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық бар екені атап өтілді.
Қазақстан дипломаты депутаттарды елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы хабардар етіп, олардың мақсаты мен негізгі бағыттарын түсіндірді.
Б.Антониевич Достық тобы мен Скупщина тарапынан Қазақстанмен дамып келе жатқан диалогқа қолдау көрсетілетінін растады. Ол ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы қарым-қатынастарды дамытуға мүдделілік білдірді.
Өз кезегінде А.Чотрич Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформаларды жоғары бағалап, қазақстандық тәжірибенің серб парламентшілері үшін практикалық тұрғыдан қызығушылық тудыратынын атап өтті.
Әңгімелесушілер парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси диалогты нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.



