Қазақстан тауларында туристік маршруттарды цифрлық бақылау енгізу жоспарлануда

    tourism·
    Қазақстан тауларында туристік маршруттарды цифрлық бақылау енгізу жоспарлануда

    Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстанда таулы жерлерде азаматтар мен шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық мониторинг жүйесін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.

    Оның айтуынша, бүгінде адамдарды қорғау бойынша өз алдына бөлек шаралар қабылдануда, өйткені жыл сайын мыңдаған туристер таулы бағыттармен жүріп, көпшілігі адам жүруі қиын учаскелерден өтуге тырысады.

    «Соңғы 5 жылда құтқарушылар тауларда 1 мыңнан астам іздестіру-құтқару операцияларын жүргізді, 1,5 мыңға жуық адам құтқарылды. Туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында министрліктің аумақтық бөлімшелерін туристер мен туристік топтардың жүру бағыттары туралы хабардар ету міндеті заңнамалық деңгейде бекітілді. Келешекте туристік маршруттарға цифрлық бақылау енгізуді және құтқару қызметтерін туристердің қозғалысы туралы хабардар ету жүйесін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз, бұл кез келген оқиғаларға ден қоюдың жеделдігін және тауларда зардап шеккендерге уақытында көмек көрсету мүмкіндігін арттырады», — деп атап өтті министр.

    @KZgovernment

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.