Туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету: Олжас Бектенов әкімдерге туристік инфрақұрылымды жедел қарқынмен дамытуды тапсырды

    tourism·
    Туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету: Олжас Бектенов әкімдерге туристік инфрақұрылымды жедел қарқынмен дамытуды тапсырды

    Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлерде туристік инфрақұрылымды дамытуды жеделдету қажеттігін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы еліміздегі туризм мен инфрақұрылымның дамуына баса мән беріп, оның инвесторлар үшін айтарлықтай тартымды сала екенін атап өтті. Осы бағытта алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Аида Ғалымқызы Балаеваның төрағалығымен Жедел үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Туристік нысандардағы инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласына тұрақты негізде тексерулер жүргізіліп келеді.Жалпы, өңірлерде оң серпін бар. Бірақ бұл, әрине жеткіліксіз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар Премьер-министр өңірлердегі туристік инфрақұрылымды дамытуға қатысты бірқатар мәселеге назар аударды.

    Мемлекет басшысы жуырда Алматы облысына барған жұмыс сапарында туристік саланың дамуын сынға алды. Президент өңірдің туристік әлеуеті мен инфрақұрылымын жедел қарқынмен дамыту қажеттігін атап өтті. Мұндай жағдай басқа облыстарда да байқалады.

    «Барлық әкімдікке туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған тиісті инфрақұрылымды жедел қарқынмен дамытуды тапсырамын.
    Саланың жай-күйі әкімдердің тұрақты бақылауында болуға тиіс»,— деп атап өтті Премьер-министр.

    @KZgovernment

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.