Almaty SuperSki туристер ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік береді: Олжас Бектенов құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды

    tourism·
    Almaty SuperSki туристер ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік береді: Олжас Бектенов құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды

    Үкімет отырысында туристік саланы дамыту мәселесін қарау барысында Премьер-министр Олжас Бектенов ірі инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде Almaty SuperSki тау шаңғысы курортын құру жобасының жүзеге асырылуына назар аударды.

    «Қазіргі таңда маңызды жобалар жүзеге асырылуда.Мәселен, Almaty SuperSki тау шаңғысы курорты жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл туристер легін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары басталды. Барлығын сапалы және уақтылы жүргізуді тапсырамын»,— деді Олжас Бектенов.

    @KZgovernment

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.