Кемпинг инфрақұрылымы: Олжас Бектенов өңір әкімдеріне демалушыларға арналған орындар тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

    tourism·
    Кемпинг инфрақұрылымы: Олжас Бектенов өңір әкімдеріне демалушыларға арналған орындар тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында туристердің жайлы демалуы үшін жағдай жасау, оның ішінде кемпинг инфрақұрылымын дамыту және сервис сапасын арттыру қажеттігін баса айтты.

    «Туристік маусымның нағыз қызған шағында демалушыларды орналастыру үшін орын тапшылығы қатты байқалады. Көптеген адамдар арнайы жабдықталмаған демалыс орындарын пайдалануға мәжбүр. Өңір әкімдіктері шұғыл түрде шатырлар мен автоүйлерде кемпинг демалысқа арналған тұрақтардың немесе алаңдардың тиісті инфрақұрылымын қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    @KZgovernment

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.