Туризм министрлігі: Almaty SuperSki жобасы заңда көзделген барлық келісу рәсімдерінен өтті

    tourism·
    Туризм министрлігі: Almaty SuperSki жобасы заңда көзделген барлық келісу рәсімдерінен өтті

    Басты назар жобаны уақтылы жүзеге асыруға салынып отыр

    Almaty SuperSki тау курорты жобасы заңнамада көзделген барлық келісу рәсімдерінен өтті. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

    «Almaty SuperSki экологиялық сараптаманы, ғылыми талдауды, қоғамдық тыңдауларды қоса алғанда, заңда көзделген барлық келісу рәсімдерінен өтті. Қоршаған ортаға, топыраққа, суға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сондай-ақ адам денсаулығына ықтимал салдары зерттелді. Бүгінгі таңда барлық рұқсаттар алынды, сондықтан жобаны уақтылы жүзеге асыруға баса назар аударылуда», — деп атап өтті министр.

    Сонымен қатар, Kazakh Tourism Development Ltd бас директоры Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жобаның коммерциялық бөлігі: қонақ үйлер, орналастыру орындары және туристік инфрақұрылымдар тек жеке инвестициялар есебінен салынатын болады. Бұл мақсаттарға бюджет қаражаты тартылмайды.

    @KZgovernment

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.