ХАБАРЛАНДЫРУ

    turkestan-shardarin-audany·
    ХАБАРЛАНДЫРУ
    2026 жылғы 9 маусым күні Шардара ауданы аумағында «Шардара-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.
    Оқу-жаттығудың мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шардара аудандық жедел штабының мүшелері мен жедел топтарының терроризм қатерлеріне қарсы әрекет ету кезіндегі өзара іс-қимылын жетілдіру, практикалық дағдылары мен кәсіби даярлық деңгейін арттыру.
    Іс-шара барысында шартты терроризм актісі туындаған жағдайда жедел штаб күштері мен құралдарын жедел хабардар ету, жинақтау және оқиға орнына жеткізу тәртібі пысықталып, тиісті іс-қимыл алгоритмдерінің тиімділігі тексеріледі.
    Осыған байланысты аудан тұрғындарынан өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Оқу-жаттығу кезінде арнайы техника мен қызметтік автокөліктердің қозғалысы, сондай-ақ жекелеген аумақтарда уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және азаматтарды сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз.
    Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
    Шардара аудандық жедел штабы
    ОБЪЯВЛЕНИЕ
    9 июня 2026 года на территории Шардаринского района проводится антитеррористическое оперативно-тактическое учение «Шардара-Антитеррор-2026».
    Цель учения – совершенствование взаимодействия членов районного оперативного штаба по борьбе с терроризмом и оперативных групп при реагировании на террористические угрозы, а также повышение уровня их практических навыков и профессиональной подготовки.
    В ходе учения будут отработаны порядок оперативного оповещения, сбора и выдвижения сил и средств оперативного штаба к месту условного террористического акта, а также проверена эффективность алгоритмов реагирования на возможные террористические угрозы.
    В связи с этим просим жителей района с пониманием отнестись к проводимым мероприятиям. В период проведения учения возможно передвижение специальной техники и служебного автотранспорта, а также введение временных ограничений на отдельных участках территории.
    Приносим извинения за возможные временные неудобства и призываем граждан сохранять спокойствие, соблюдать меры безопасности и выполнять законные требования представителей государственных органов.
    Районный оперативный штаб по
    борьбе с терроризмом Шардаринского района
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.