Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев ақын Маралтай Райымбекұлын қабылдады

    turkestan-shardarin-audany·
    Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев ақын Маралтай Райымбекұлын қабылдады
    Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Маралтай Райымбекұлын қабылдап, шығармашылық жетістіктерімен құттықтады.
    Кездесу барысында аудан әкімі ақынның ұлттық әдебиетке қосқан сүбелі үлесін жоғары бағалап, оның шығармашылығы қазақ руханиятының дамуына зор әсер етіп келе жатқанын атап өтті.
    Сіз қазақ поэзиясында өзіндік үні мен дара қолтаңбасы қалыптасқан, ұлттық рух пен тектілік мұратын жырына арқау еткен көрнекті ақынсыз. Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Игілік ауылында дүниеге келіп, қазақ әдебиетінің биік белестерін бағындырдыңыз.
    Сіздің шығармашылық қоржыныңыз «Ай-Нұр», «Ай», «Қаратау ғазалдары», «Асау» секілді оқырман ықыласына бөленген жыр жинақтарымен толығып келеді. Әсіресе, Кентавр атты поэзиялық жинағыңыз қазақ әдебиетінде ерекше бағаланып, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болған туынды ретінде танылды.
    Жуырда жарық көрген «Кентавр» кітабыңыз да әдеби қауым мен оқырман қауымның зор қызығушылығын туғызып, ұлттық поэзиямыздың қорына қосылған құнды еңбек ретінде бағалануда. Бұл жинақта ақындық болмысыңыз, азат рух, ұлттық таным мен көркем ой тереңдігі айқын көрініс тапқан, – деді аудан әкімі.
    Кездесу соңында Арман Романұлы Қарсыбаев ақынға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, отбасылық амандық және қазақ әдебиетінің мерейін үстем етер жаңа туындылар тілеп, аудан жұртшылығының ыстық ықыласын жеткізді.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.