МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    turkestan-arys·
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Арыс қаласы әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағытындағы төртінші блоктың мазмұны, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы және «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.

    Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттары, мақсаты және міндеттері айтылып, ақпараттар берілді.

    Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті екені ескертілді. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың мемлекеттік қызмет имиджіне ықпалы атап өтіліп, әлеуметтік желілерде жеке парақшаларында жарияланатын фото, бейнематериалдарға ерекше назар аудару қажеттілігі түсіндірілді.

    Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелері мен жалпы моральдық-этикалық нормаларды сақтау мәселелері де көтерілді.

    Бұдан бөлек, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес құмар ойындарға, бәс тігуге немесе интернет арқылы ұйымдастырылатын ойындарға қатысуға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен теріс салдары түсіндірілді.

    Мемлекеттік қызметшілерге діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға түсіндірілді.

    Сондай-ақ, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта, сенбі, жексенбі демалыс және мереке күндері жеке мақсатта пайдаланбауы тиіс екендігі туралы қатаң ескертілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.