Шардарада өнерге қанат бітірген жаңа орталық ашылды.

    turkestan-shardarin-audany·
    Шардарада өнерге қанат бітірген жаңа орталық ашылды.
    Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Шардара қаласындағы А.Иманов көшесі бойынан ашылған жаңа өнер орталығына арнайы барып, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды білім ордасы.ның тыныс-тіршілігімен және үйірмелер жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.
    Өнер орталығында қазіргі таңда домбыра, қобыз, фортепиано, вокал, хореография, бейнелеу өнері, қолөнер және театр үйірмелері тұрақты жұмыс жүргізуде. Әрбір үйірме балалардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай ұйымдастырылып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Домбыра мен қобыз сыныптарында шәкірттер ұлттық музыкалық мұраны меңгерсе, вокал үйірмесінде ән өнерінің қыр-сырын үйренуде. Ал хореография бөлімінде қазақ және әлем халықтарының билері оқытылып, оқушылардың сахналық мәдениеті қалыптастырылуда.
    Бейнелеу және қолөнер үйірмелерінде жас суретшілер мен шеберлер өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасауды үйренуде. Театр үйірмесінде балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, актерлік шеберлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттар шәкірттердің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беріп отыр.
    Аудан басшысы оқу кабинеттерін аралап, материалдық-техникалық базамен танысып, ұстаздармен пікір алмасты. Ол өнер мен мәдениеттің жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтіп, балалардың шығармашылықпен еркін айналысуына қолайлы жағдай жасау маңызды міндет екенін жеткізді.
    Өнер – халықтың рухани болмысын сақтайтын, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Осындай өнер ордаларының ашылуы жас таланттардың жарқырап көрінуіне жол ашып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік, эстетикалық талғам және мәдени құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастырады. Бүгінгі өнерлі шәкірт – ертең ел мәдениетінің дамуына үлес қосатын азамат. Сондықтан өнер орталығының жұмысы ауданның рухани-мәдени өмірін байытып, болашақ таланттардың қанат қағуына берік негіз қалайды
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.