
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Өзіңнен баста» экологиялық челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж аясында белсенді жастар қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыру.
Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ борышы. Табиғатты аялау арқылы болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті қоршаған орта қалдыра аламыз.



