Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!

    turkestan-shardarin-audany·
    Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!

    Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, халқымыздың бірлігі мен тұтастығының қасиетті нышандары. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырып, ел болашағына деген сенімді нығайтады.
    Мемлекеттік рәміздеріміз – ата-бабамыз аңсаған азаттықтың айғағы, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын келбетін әлемге танытатын қастерлі құндылықтар. Сондықтан оларды құрметтеу – әрбір азаматтың перзенттік парызы әрі азаматтық жауапкершілігі.
    Бүгінде Шардара ауданының тұрғындары еліміздің өркендеуі мен ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Ел бірлігі мен татулығын сақтап, ортақ мақсат жолында еңбек ету – жарқын болашақтың берік кепілі.
    Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілеймін! Еліміз тыныш, Туымыз биік, Елтаңбамыз айбарлы, Әнұранымыз асқақтай берсін!
    Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
    Құрметпен, Шардара
    ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.