Департамент басшысы қалаық мәслихат отырысында баяндама жасады

    Департамент басшысы қалаық мәслихат отырысында баяндама жасады

    Департамент басшысы қалаық мәслихат отырысында баяндама жасады

    Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы К.Т. Бекимова қалалық мәслихат отырысында 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша баяндама жасады. Жиында елордалық білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары мен заңнама талаптарының сақталу барысы сараланды.

    Департамент өз құзыреті шеңберінде білім беру ұйымдарын лицензиялау, ресми құжаттарды апостильдеу және мектептер мен балабақшаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Баяндамада рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсететін ұйымдардың алдын алу, білім беру сапасын арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.
    Сонымен қатар, қала мектептеріндегі ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерінің алшақтығы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігі және білім беру мекемелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту мәселелері ашық айтылды. Азаматтардан түскен арыз-шағымдар мен жоспардан тыс тексерістердің қорытындысы бойынша заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылғаны атап өтілді.

    Отырыс қорытындысы бойынша Департамент тарапынан Астана қаласының Білім басқармасына білім сапасын жүйелі түрде арттыру, статистикалық мәліметтердің нақтылығын қадағалау және педагогтердің біліктілігін күшейту бағытында нақты ұсыныстар жолданды. Алдағы уақытта да елордадағы білім сапасын бақылау және заңнамалық талаптардың орындалуын қатаң қадағалау жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.