
«Қарашыған ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар, онда сіз электронды-сандық кілт көмегімен қажетті анықтамаларды ала аласыз. Электронды порталмен жұмыс істеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерден кеңес алуға болады немесе 1414 нөмірі бойынша оператормен байланысу қажет.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а. бұйрығымен бекітілген 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес. Көктерек округі әкімі аппараты мынадай мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсетеді: 1. Жер телімін алуға кезекке тұру; 2. Жер телімін жеке меншікке бір мезгілде немесе бөліп төлеу арқылы сату; 3. Сауда-саттық (бәсекелестік, аукцион) жүргізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімдеріне құқықтарды сатып алу; 4. Елді мекен шегіндегі нысанды салу үшін жер телімін беру; Жер телімінің мақсаттық пайдалануын өзгерту туралы шешім беру; 5. Жер телімінің мақсаттық пайдалануын өзгерту туралы шешім беру.
Қосымша ақпарат мына мекен-жай бойынша: М.Төлебаев ауылы, М.Төлебаев көшесі №9 А, телефон: 8(72843)2 20 04



