2026 жылғы 09 маусымда медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов аудандық ауруханалар мен жекеменшік медициналық орталықтардың қатысуымен дәстүрлі медицина саласында медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандартына қатысты ZOOM-кеңес өткізді.

    dkmfk-almaty-oblast·
    2026 жылғы 09 маусымда медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов аудандық ауруханалар мен жекеменшік медициналық орталықтардың қатысуымен дәстүрлі медицина саласында медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандартына қатысты ZOOM-кеңес өткізді.

    2026 жылғы 09 маусымда медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов аудандық ауруханалар мен жекеменшік медициналық орталықтардың қатысуымен дәстүрлі медицина саласында медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандартына қатысты ZOOM-кеңес өткізді.

    Дәстүрлі медицинамен кімдер айналыса алады

    Қазақстанда дәстүрлі медицина саласында медициналық көмек көрсетудің стандарты бекітілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен мамандардың қызметін ұйымдастырудың бірыңғай қағидалары, көрсетілетін қызметтердің тізбесі және медициналық ұйымдарға қойылатын талаптар енгізілді. Құжат 2026 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енді.

    Стандартқа сәйкес, дәстүрлі медицина әдістерімен медициналық қызметтерді меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсете алады.

    Міндетті шарт – «Дәстүрлі медицина» кіші түрлері бойынша медициналық қызметке лицензияның болуы. Қызмет Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына және денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

    Қызметтерді жоғары медициналық білімі және/немесе келесі бағыттар бойынша бейінді мамандануы бар мамандар көрсете алады:

    • рефлексотерапия;
    • мануалдық терапия;
    • су-джок терапиясы;
    • гомеопатия;
    • гирудотерапия;
    • фитотерапия.

    Сонымен қатар, мамандардың дәстүрлі медицина бойынша тиісті сертификаты болуы тиіс. Практикалық қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкерлері міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті.

    Қызметтер қай жерде көрсетіледі

    Дәстүрлі медицина әдістерімен медициналық көмек ақылы негізде мынадай ұйымдарда көрсетіледі:

    • амбулаториялық-емханалық ұйымдарда;
    • стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда;
    • санаторийлік-курорттық ұйымдарда.

    Денсаулық сақтау субъектілері:

    • қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;
    • клиникалық хаттамаларға сәйкес жұмыс жүргізуге;
    • аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту және пациенттердің ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін арттыру бойынша шаралар қабылдауға;
    • пациенттердің құқықтарын сақтауға және емдеу әдістері, қарсы көрсетілімдері мен күтілетін нәтижелері туралы толық ақпарат беруге;
    • мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
    • халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
    • санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға міндетті.

    Медициналық көмекті көрсету қағидалары

    Амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда және санаторийлік-курорттық ұйымдарда келесі медициналық қызметтер көрсетілуі мүмкін:

    • рефлексотерапия – ағзалар мен жүйелердің қызметіне әсер ету мақсатында дененің белгілі бір нүктелеріне ықпал ету арқылы жүргізілетін емдеу әдісі;
    • мануалдық терапия – омыртқаға, буындарға, бұлшықеттер мен байламдарға қолмен әсер ету арқылы жүргізілетін емдеу әдісі;
    • гирудотерапия – медициналық сүліктерді қолдану арқылы жүргізілетін емдеу әдісі;
    • гомеопатия – жоғары мөлшерде қолданғанда ауру белгілерін тудыратын заттардың өте сұйылтылған түрлерін пайдалануға негізделген бағыт;
    • фитотерапия – дәрілік өсімдіктер мен өсімдік тектес препараттарды қолдану арқылы емдеу әдісі.

    Пациенттер дәстүрлі медицина маманына көрсетілімдер болған және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жіберіледі. Емшаралар басталғанға дейін пациент ақпараттандырылған келісімге қол қоюы тиіс.

    Кез келген емдеу әдісі клиникалық хаттамалар мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы қажет, оның ішінде:

    • стерильді шығыс материалдарын пайдалану;
    • медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және сақтау тәртібін сақтау;
    • қауіпсіздік стандарттарын орындау;
    • асқынулардың алдын алу шараларын жүргізу.

    Мамандар медициналық құжаттаманы жүргізуге және мәліметтерді медициналық ақпараттық жүйеге енгізуге міндетті.

    Инфекциялық және санитариялық қауіпсіздік

    Рефлексотерапия жүргізу кезінде келесі талаптар сақталуы тиіс:

    • тек стерильді бір рет қолданылатын инелерді пайдалану;
    • инелерді қайта қолдануға жол бермеу;
    • маманның қолын және пациенттің ине енгізілетін аймағындағы терісін міндетті түрде антисептикалық өңдеу;
    • құралдардың қаптамасының бүтіндігін және стерильдігін тексеру;
    • медициналық қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату;
    • барлық инвазиялық процедуралар кезінде бір рет қолданылатын стерильді қолғаптарды пайдалану. Қайта пайдалануға жол берілмейді.

    Гирудотерапия жүргізу кезінде:

    • арнайы жағдайларда сақталатын тек медициналық сүліктерді қолдануға;
    • сүліктердің келіп түсуі, сақталуы және пайдаланылуы бойынша есеп жүргізуге;
    • сүліктерді қайта пайдалануға жол бермеуге;
    • қолданылғаннан кейін оларды медициналық қалдық ретінде кәдеге жаратуға;
    • барлық инвазиялық процедуралар кезінде бір рет қолданылатын стерильді қолғаптарды пайдалануға міндетті.

    Сонымен қатар, дәстүрлі медицина әдістерін төмендегі жағдайларда жалғыз емдеу тәсілі ретінде қолдануға тыйым салынады:

    • шұғыл жағдайларда;
    • онкологиялық аурулар кезінде;
    • инфекциялық аурулар кезінде;
    • жедел психикалық бұзылыстар кезінде.

    Пациент дәлелді медицина әдістерінен бас тартқан жағдайда міндетті түрде консилиум өткізіліп, пациенттің жазбаша ақпараттандырылған бас тартуы рәсімделуі тиіс.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.