
🔻 Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген қала тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жер учаскелерін заңдастыру, аулаларды абаттандыру, газбен қамту, жол сапасын жақсарту, қала орталығындағы аялдамалар маңына қосымша орындықтар орнату, сондай-ақ «Шайқорған» тұрғын үй алабының атауын өзгерту мәселелері көтерілді.
Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.
«Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады», – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.



