
2026 жылы 19 мамырда Раздольное ауылында тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жиын барысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру, оларды ұстау ережелерін сақтау, сондай-ақ ауыл аумағын абаттандыру және тазалықты сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Ауыл тұрғындары кездесуге белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.



